Павлодарлық спортшы Милан-2026 қысқы Олимпиада ойындарына қатысады

Павлодарлық спортшы Милан-2026 қысқы Олимпиада ойындарына қатысады

Арина Ильященко конькимен жүгіру спортынан Қазақстан құрамасына кірді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. 

14 қараша мен 14 желтоқсан аралығында АҚШ, Канада, Нидерланды және Норвегияда өткен конькимен жүгіру спортынан Әлем кубогы кезеңдерінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы аталған спорт түрінен 12 олимпиадалық лицензияны жеңіп алды.

Ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабының шешімі бойынша 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстанның атынан конькимен жүгіру спортына қатысатын спортшылар құрамы анықталды.

Оған Евгений Кошкин, Кристина Силаева, Елизавета Голубева, Надежда Морозова және павлодарлық Арина Ильященко кірді. 

Қазақстан құрамасының олимпиадалық квоталарының қорытынды саны 2026 жылғы қаңтар айының соңында белгілі болады.

XXV Қысқы Олимпиада ойындары 2026 жылдың 6-22 ақпаны аралығында Милан мен Кортина-Д ‘ Ампезцода өтеді. Жарысқа әлемнің 93 елінен 3500-ден астам спортшы қатысады.

Арина Ильященконың жаттықтырушысы Людмила Прокашева.