Павлодарлық төтеншеліктер енді жапондық көлікпен жүреді
ТЖД автопаркі жаңа техникамен толықтырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға жедел ден қою мақсатында Төтенше жағдайлар министрлігінің басшылығымен Павлодар облысы үшін «Toyota Hilux» автокөлігі бөлінді. Жаңа көлік облыстық ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасына тапсырылды.
– Жаңа автокөлік төтенше жағдайдың барлық түрлеріне жылдам ден қоюға ықпал етеді, сондай-ақ құтқарушылар үшін ыңғайлылық пен қауіпсіздікті арттырады, – дейді департаментте.
Сонымен қатар бұл көлік, құтқару және жою бойынша міндеттерді орындау үшін авариялық-құтқару құралдары мен жабдықтары бар қызметкерлерді жедел жеткізуге мүмкіндік береді.