Павлодарлық волонтерлер министрліктен сыйлыққа ие бола алады
Құжаттарды қабылдау 5 қыркүйекке дейін жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына байқау өткізеді.
– «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы – волонтерлік қозғалысты дамытуға және қолдауға, сондай-ақ әлеуметтік және қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге елеулі үлес қосқан отандық және халықаралық волонтерлер мен волонтерлік топтарды, волонтерлік ұйымдарды көтермелеуге және ынталандыруға бағытталған, – деді ведомствода.
Өтінімдерді «Qazvolunteer.kz» сайтында беру керек.
Байқаудың қағидаларымен және қажетті құжаттар тізімімен @madeniet__aqparat__ministrligi «Instagram» парақшасында, «Qazvolunteer.kz» немесе www.adilet.kz сайттарынан танысуға болады.
Қатысу ережелері мен құжаттарды тапсыру тәртібі туралы толық ақпаратты +7(7172)74-12-86, 74-03-11 байланыс нөмірлері немесе r.krasnoschekov@mki.gov.kz электрондық поштасы арқылы алуға болады.