Павлодарлық жүргізушілер енді көпірден өте алады
Көпірдегі жөндеу жұмыстары мерзімнен бұрын аяқталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар қаласының трамвай басқармасының мәліметінше, автокөлік иелері үшін қалаға қарай көпір жолы ашылды.
– Бұл учаскені жөндеу екі аптаға жоспарланған болатын, бірақ автокөлік жүргізушілеріне ыңғайлы болу үшін мерзімінен бір апта бұрын аяқталды, – делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, көпір учаскесін 22 шілде күні жауып тастаған еді.