Павлодарлық жедел уәкілдер шамамен жүз қылмыстық құқық бұзушыны іздеп тапты

Павлодарлық жедел уәкілдер шамамен жүз қылмыстық құқық бұзушыны іздеп тапты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Көбіне іздеуге шағын немесе орташа ауырлықтағы қылмыстар жасаған адамдар жарияланады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Құқық бұзушылықтар үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету – әділетті мемлекетті құрудың негізгі қағидаларының бірі. Осы бағыттағы маңызды тетіктердің бірі – қылмыстық қудалаудан жалтарған азаматтарды тиімді іздестіру.

– 2025 жылдың ағымдағы кезеңінде павлодарлық жедел уәкілдер 86 қылмыстық құқық бұзушыны іздеп тапты, – деді облыстық полиция департаментінде.

Әдетте, тергеу барысында оларға «ешқайда кетпеу туралы қолхат» түріндегі бұлтарпау шарасы қолданылады. Алайда, кейбір қылмыскерлер өз әрекеттері үшін жауапкершіліктен қашып, сот пен бас бостандығынан айыру түріндегі жазадан құтылу үшін туған өңірін тастап кетуге тырысады. Бірақ қалыптасқан өзара іс-қимыл алгоритмінің және жедел уәкілдердің бірлескен жұмысының арқасында құқық бұзушылардың басым бөлігі іздестіріліп, ұсталады.

Сондай-ақ жедел-іздестіру қызметінің маңызды бағыттарының бірі – хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестіру. Бұл бағыт жоғалғандар туралы өтініштерді қарауды, олардың жоғалу жағдайларын зерттеуді және табылған адамдардың орналасқан жерін анықтауды қамтитын көптеген кешенді шараларды талап етеді.

2025 жылдың осы кезеңінде жедел уәкілдер 31 хабар-ошарсыз кеткен азаматтың тұрған жерін анықтады. 

Адамдардың жоғалу себептерінің негізгісі – алкогольге тәуелділік. Бұдан бөлек, отбасындағы келеңсіз қарым-қатынастар да жиі себеп болады. Кей кездері адамдар ешкімге жоспарлары туралы айтпастан басқа жерге кетіп қалып, қарапайым ұмытшақтықтың  салдарынан жоғалғандар қатарына енеді.

Полицияның міндеті – көмекке мұқтаж әр азаматқа дер кезінде қолдау көрсету. Егер жақыныңыз жоғалып кетсе, тұрғылықты жеріңіздегі полицияға жедел хабарласу қажет. 

Ал жоғалған адам үйіне қайтып келген жағдайда, оның іздестіру шараларын ресми түрде тоқтату үшін бұл туралы полицияға дереу хабарлау керек.

Павлодар облысының полициясы жоғалғандар туралы барлық өтініштерге жедел әрекет етеді және орны толмас жағдайлардың алдын алу үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланады.