Павлодарлықтарға әлемнің үздік шараптарын татудың мүмкіндігі туады

Павлодарлықтарға әлемнің үздік шараптарын татудың мүмкіндігі туады

Бұл — елдің шарап индустриясы мамандарына арналған басты оқиға, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

7-8 қазан күндері Алматы қаласында Les Grands Chais de France The Best Sommelier of Kazakhstan-2025 ұлттық байқауы өтеді. Іс-шараны Kazakhstan Sommelier Association (Қазақстандық сомелье қауымдастығы) Almaty Tourism Bureau және Vittel қолдауымен ұйымдастырады.

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 60 үміткер арасынан Қазақстанның үздік сомельесі екі күндік байқау қорытындысы бойынша анықталады. Сайыс бағдарламасына теориялық білім, дәм ажырату қабілеті және сервис шеберлігін тексеру кіреді.

Байқау аясында жергілікті шарап зауытына экскурсия, дәм татулар, шеберлік сабақтар, алдыңғы қатарлы импорттаушылар мен шарап үйлерінің қатысуымен өтетін шарап салоны және марапаттау рәсімі өтеді.

Қатысушыларды шарап үйлерінің өкілдері, халықаралық қазылар алқасы мен титулды сомельелерден құралған танымал сарапшылар бағалайды. Байқаудың арнайы қонағы — Гонконгтан келген әлемдегі ең танымал сомельелердің бірі, ASI Best Sommelier of the World-2023 байқауының Париждегі қола жүлдегері, Best Sommelier of Greater China атағын бес рет иеленген, сондай-ақ ASI Best Sommelier of Asia & Pacific-2025 жеңімпазы — Риз Чой (Reeze Choi) болады.

Бұл байқау 2017 жылдан бері Қазақстанда шарап мәдениетін дамытуға арналған басты алаңға айналды. Ол сомелье, рестораторлар мен сарапшылардан құралған кәсіби қауымдастықты біріктіреді.

Іс-шараға билеттер туралы ақпаратты Telegram арқылы +7 747 849 9604 нөмірінен немесе @kaz\_somm парақшасынан біле аласыз.