Павлодарлықтарға Астананың медорталығы консультациялық көмек көрсетеді
Азаматтарды ҚР Президенті іс басқармасы медициналық орталығының білікті мамандары қабылдайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 1-4 сәуір аралығында өңірде «ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері» өтеді.
– Мамандар денсаулық сақтау саласындағы жаңа медициналық технологияларды өңірлік медициналық мекемелерге енгізуде, ауруларды алдын алуда, диагностикалауда және емдеуде қолданылатын заманауи әдістермен бөліседі, – делінген хабарламада.
JCI, ISO, GLP, GMP халықаралық стандарттарымен аккредиттелген медициналық орталық ауруханаларының білікті мамандары аймақтың емдеу мекемелерінде шеберлік сабақтарын өткізіп, халыққа практикалық және консультациялық-әдістемелік көмек көрсетіп, күрделі операцияларды жасайды.
– Сапар барысында ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы мен Павлодар облысының әкімдігі арасында өзара Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою жоспарланып отыр. Медициналық орталықтың бұл бастамасы технологиялар трансфертін іске асыруға және өңірдегі дәрігерлерді оқытып, олардың біліктілігін арттыруға, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесін дамыту арқылы отандық медицинаның сапасын жақсартуға, халыққа жоғары мамандандырылған көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді, – деп атап өтті баспасөз қызметі.
Пациенттерді қабылдау туралы ақпарат:
1 сәуір
Павлодар қалалық №1 ауруханасында пациенттерді келесі маман қабылдайды:
- 14:00-17:00 – Мыңжылқы Бердіходжаев, жоғары санатты нейрохирург дәрігері.
Павлодар ауданының емханасында пациенттерді келесі маман қабылдайды:
- 15:00-17:00 – Бибінұр Рахметова, пульмонолог дәрігері.
Екібастұз қаласының № 2 емханасында пациенттерді келесі маман қабылдайды:
- 09:00-11:00 – Бибінұр Рахметова, пульмонолог дәрігері.
2 сәуір
Павлодар қалалық №1 ауруханасында пациенттерді келесі маман қабылдайды:
- 09:00-12:00 – Мыңжылқы Бердіходжаев, жоғары санатты нейрохирург дәрігері.
Павлодар ауданының емханасында пациенттерді келесі мамандар қабылдайды:
- 09:00-14:00 – Жасұлан Өтебеков, эпилептолог дәрігері;
- 09:00-14:00 – Дархан Кимадиев, эпилептолог дәрігері.
Екібастұз қаласының № 2 емханасында пациенттерді келесі маман қабылдайды:
- 15:00-17:00 – Махмұт Мырзахметов, невропатолог дәрігері.
3 сәуір
Павлодар ауданының емханасында пациенттерді келесі мамандар қабылдайды:
- 09:00-13:00 – Махмұт Мырзахметов, невропатолог дәрігері;
- 14:00-16:00 – Айгүл Сыздықова, аллерголог дәрігері.
Екібастұз қаласының № 2 емханасында пациенттерді келесі мамандар қабылдайды:
- 12:00-15:00 – Гүлмира Туксаитова, м.ғ.к., эндокринолог дәрігері;
- 12:00-15:00 – Әлия Жолдасбекова, м.ғ.д., кардиолог дәрігері.
4 сәуір
Павлодар ауданының емханасында пациенттерді келесі маман қабылдайды:
- 14:00-16:00 – Гүлмира Туксаитова, м.ғ.к., эндокринолог дәрігері.
Г. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасында пациенттерді келесі маман қабылдайды:
- 10:00-13:00 – Антон Ли, хирург дәрігері.
Дәрігерлердің қабылдауы туралы ақпарат алу үшін медициналық мекемелердің тіркеу бөліміне хабарласу керек.