Павлодарлықтарға төрт жүзге жуық бос жұмыс орны ұсынылды
Алимент бойынша борышы бар тұрғындар да жұмыс таба алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бос орындар жәрмеңкесін Павлодар қалалық карьер орталығының филиалымен Павлодар облысы бойынша еңбек ұтқырлығы орталығымен бірлесіп Жастар бастамаларын дамыту орталығы ұйымдастыруда.
Ұйымдастырушылардың ақпараты бойынша, іс-шараға келген 146 ізденушіге, оның ішінде жұмыссыз жастарға, мүгедектігі бар адамдарға және алимент бойынша борышкерлігі бар 381 бос жұмыс орны ұсынылды. Жұмыс берушілер тізіміне мемлекеттік мекемелер де, жеке компаниялар да кірді.
- Өз бос орындарын 27 жұмыс беруші ұсынды. Олардың ішінде мамандандырылған күзет қызметі басқармасы, "Рубиком", Қоғамдық әлеуметтік демократиялық партияның Павлодар облыстық филиалы, "Павлодар жолдары" ЖШС, № 3 өрт сөндіру бөлімі, 5512 әскери бөлімі, Павлодар облысы әкімінің аппараты, хоспис, "Қазақтелеком" АҚ, "Павлодар су арнасы", ЖШС "Артриум" және басқалар, - дейді ұйымдастырушылар.
Аталмыш жәрмеңкеден қанша адам жұмысты болғаны туралы әзірге белгісіз.