Павлодарлықтар қажетсіз заттарға екінші өмір сыйлай алады
Осы мақсатта облыс орталығында DARMARKA шарасы өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жасыл ел штабының мәлімдеуінше, DARMARKA - бұл сізге қажет емес заттарды әкеліп, оларға екінші өмір сыйлауға болатын орын.
Шара 22 шілде күні сағат 17:00-де орталық жағалаудағы аркада өтеді.
- Павлодарлықтар өзіне қажет емес заттарға екінші өмір сыйлай алады. Ол үшін тұрғындар шараға жыртылмаған кітаптар , гүлдер мен үй өсімдіктері және макулатура әкеле алады. Оның орнына өзіне ұнайтын зат ала алады, - делінген хабарламада.
Жасыл елдіктер заттардың өмірлік циклін ұзартуға және саналы тұтынуға қадам жасауға үндейді.