Павлодарлықтар ашық аспан астында уайымдарымен бөлісе алады
Қатысушылармен арнайы маман жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жастар бастамаларын дамыту орталығы баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 шілде күні сағат 18:00-ден 21:00-ге дейін ашық аспан астында «Жан тыныштығы сәті» атты психологиялық кеш өтеді.
– Қатысушыларды босаңсу және стрессті азайту үшін тыныс алу әдістері, музыкалық терапия, топтық талқылаулар және стресспен қоштасу рәсімі күтеді. Біз сізді жан тыныштығын табуға болатын бірегей іс-шараға шақырамыз. Бізге қосылып, өзіңізге үйлесімділік пен тыныштық кешін сыйлаңыз! – дейді ұйымдастырушылар.
Кеш оттың айналасында сусындар мен жеңіл тағамдармен аяқталады.
Жазылу үшін +7(705)625-95-87 нөміріне хабарласуға болады.