Павлодарлықтар тележурналистердің практикалық сабағына тегін қатыса алады

Павлодарлықтар тележурналистердің практикалық сабағына тегін қатыса алады
Фото pixabay.com\ AndyLeungHK

Үш күндік оқу бағдарламасы нағыз түсірілім алаңындағы практикаға айналады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жастар бастамаларын дамыту орталығында «Ирбис» телеарнасының ұйымдастыруымен офлайн және ТВ алаңында үш күндік практикалық сабақ өтеді.

Сабақтың бірінші күні тележурналистикаға кіріспе, ТВ контентінің форматтары, қазіргі қоғамдағы тележурналистиканың рөлі және этика мен ақпараттың шынайылығы көрсетіледі. Екінші күні сценарий және сюжет құрылымы, жаңалық сюжеті қалай құрылады, раскадровка және материалды ұсынумен телевизиялық тіл мен стиль өтілсе, үшінші күні кадрда және кадр сыртында жұмыс, камера алдында жұмыс: көзқарас, өзін-өзі ұсыну, сюжеттегі ауысулар мен монтаждауды үйреніп,  «Ирбис» телеарнасында практикадан өтеді.

Қатысушыларға сертификаттар табысталады. Тіркелу үшін: 8 (707) 665-58-03 нөміріне хабарласуға болады.