Павлодарлықтардан қоқысты белгіленген орынға жинауды еске салады
Қалдық мәселесі әлі де маңызды болып отыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс орталығының аумағында тұрмыстық қалдықтарды қабылдауға арналған арнайы полигон бар екендігін еске салады.
Әкімдікте қоқысты тек полигонға ғана шығаруды және қалдықтарды белгіленбеген жерлерге жинауға жол бермеуді сұраймыз.
Еске сала кетейік, жыл сайын Павлодар облысында шамамен 300 мың тонна қалдық түзіледі, соның тек үштен бірі – 100 мың тоннаға жуығы ғана қайта өңделеді. Облыста қоқыс өңдеу зауытының құрылысы қарқынды түрде жүріп жатыр. Жылына 150 мың тоннаға дейін қалдық қайта өңдеу жоспарланып отыр. Қалдықтардың шамамен 30 пайызы екінші айналымға жіберіледі, 70 пайызы полигондарға жөнелтіледі, ал қалған бөлігі – пластик, тоқыма, қағаз, шыны – қайта өңделеді. Дайын өнім Қазақстан бойынша жөнелтіледі.