Павлодарлықтарды жаңа кітаптың тұсаукесеріне шақырады

Павлодарлықтарды жаңа кітаптың тұсаукесеріне шақырады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жас жазушы жаңа шығармалар жинағын шығарды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жантас Еркінұлының «Жақыныңды жоғалту» атты романы мен әңгімелері енген жаңа жинағы 2024 жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша «Жаңа Қазақстанның әдеби-танымдық панорамасы» жобасы аясында жарық көрді.

Жинақтың негізгі туындысы – жақын адамынан айырылғаннан кейінгі сезім мен ойларды бейнелейтін философиялық роман-ойтолғау. Автор қайғыны еңсеру жолдары туралы шынайы әрі батыл түрде сыр шертеді. Жантас Еркінұлының ауыр тақырыптарды шынайылықпен жеткізуі кітапқа ерекше тереңдік пен мағына береді.

Жас қаламгер бұған дейін оқырмандардың көңілінен шыққан «Сыбырлап оқы» және «Жанашыр» атты лирикалық жыр жинақтарымен танылған.

«Жақыныңды жоғалту» кітабының тұсаукесері 10 маусым күні сағат 11:00-де Торайғыров атындағы облыстық кітапханада өтеді.