Павлодарлық боксшы жартылай финалда Махмұд Сабырханмен қолғап түйістіреді

Павлодарлық боксшы жартылай финалда Махмұд Сабырханмен қолғап түйістіреді

Ол әлем чемпионымен кездеспек, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодарлық боксшы Серік Теміржанов халықаралық «Елорда кубогі - 2023» чемпионатында өнер көрсетеді. Боксшы жартылай финалға дейінгі сындарда сүрінбей өтіп, Әлем чемпионы Махмұд Сабырханмен бокстасады. 

Айта кетейік, Серік Теміржанов бұған дейін Азия және Әлем чемпионаттарының қола жүлдегері атанған еді.  

Еске сала кетейік, өңірлік боксшы Ташкент қаласында өткен Әлем чемпионатының ширек финалында шалыс басып, кубалық боксшы Родриго Дель-Рей Ортаға жол берген болатын. Ал оның жартылай финалдағы қарсыласы Махмұд Сабырхан өз салмағындағы спортшыларға дес бермей, чемпион атанған еді. 

Жекпе-жек 1 шілде күні сағат 14:00-де  «Qazsport» телеарнасында тікелей эфирден  көрсетіледі.