Павлодарлық отбасы шетелдік алаяқтарға көмек көрсеткен

Павлодарлық отбасы шетелдік алаяқтарға көмек көрсеткен
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Олардан 500-ге жуық SIM карта тәркіленді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысы полиция департаменті киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Сұлтанбек Қадыржанов соңғы уақытта Қазақстан азаматтары Sim-box құрылғыларын орнату арқылы SIM-карталарды белсендіру бойынша тапсырмаларды орындай отырып, алаяқтарға көмек көрсететін жағдайлар жиілеп кеткенін мәлім етті. 

2025 жылы Павлодар қаласында киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыстық прокуратурамен бірлесіп, IP-телефонияға ретрансляцияны қамтамасыз ететін осындай алты құрылғыны тәркілеген.

–  Sim-box құрылғыларының арқасында шетелде жүрген алаяқтар бізге қазақстандық телеоператорлардың ұялы байланысынан қоңырау шалады.  Қазіргі уақытта Павлодар облысында SIM-box аппараттарын пайдаланудың екі фактісі анықталды.  15 қаңтарда ерлі-зайыптылардан бес SIM-box аппараттары мен 500-ге жуық SIM карталар тәркіленді, – деді Сұлтанбек Қадыржанов. 

Өткен аптада 128 SIM картасы бар тағы  бір SIM-box қорапшасы анықталған.  Оның пәтерінде 1500-ге жуық SIM карта болған. Ол Ресей Федерациясының азаматы екені белгілі болды. Аталмыш фактілер бойынша тергеу жүргізілуде.

Айта кетейік, Sim-box Wi-Fi роутер сияқты құрылғы. Ол да интернетке қосылған. Құрылғыға автоматты түрде іске қосылатын алтын SIM карталар қойылады, содан кейін алаяқтар әлемнің қай түкпірінде болса да қоңырау шала алады.  

Еске сала кетейік, алаяқтар жеке, құпия ақпараттарды көбінесе «Glovo», «Volt», «Яндекс Gо» қосымшалары арқылы алады екен. Хакерлер дерекқорды бұзып, ақпаратты таратады. Сондай-ақ, банкке алаяқтық мақсатта жұмысқа тұрған қызметкерлер де жеке ақпараттарды таратып жібереді.