Павлодарлық оқушылар патриоттық әндер шырқады

Павлодарлық оқушылар патриоттық әндер шырқады
Фото: Автор

Қ. Әбусейітов атындағы мәдени-сауық орталығында «Батыл жүрек» атты облыстық әскери патриоттық әндер фестивалі өтті, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Шараны облыстық Ауған соғысы және жергілікті соғыстар ардагерлері мен мүгедектеріне арналған қоғамдық қоры Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай ұйымдастырды.

–   Бүгін Отанға деген сүйіспеншілікті, ерлік пен өткен ұрпақтың ерліктерін мәңгілік есте сақтауды дәріптейтін күн, – дейді қоғамдық қордың директоры Байғабыл Майкөтов. – Рухани мәдениетіміздің ажырамас бөлігі болып табылатын осы құнды мұраны жыл сайын өткіземіз.

Фестивальде өңіріміздің барлық қалалары мен аудандарынан келген 25жасөспірім әсем әуенмен отаншылдық рухты оятты.

Әншілер «Жаңа Қазақстан», «Бауыржан батыр», «Жеңіс үні», «Сұм соғыс», «Отан қорғаушылар», «Земля Казахстана» секілдіпатриоттық әндерді шырқады.

–  Мен ұстазымның таңдаған «Бауыржан батыр» әнін орындадым. Елін қорғаған батырлар біздің есімізде мәңгі қалады, – дейді Екібастұз қаласы № 4 мектебінің оқушысы Расул Әбдазйев.

Фестиваль жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен, қаржылай сыйлықтармен марапатталды.