Павлодарлықтар бірінші рет интернеттен тапсырыс берерде нені ескеру керек?

Павлодарлықтар бірінші рет интернеттен тапсырыс берерде нені ескеру керек?
Фото: Жасанды интеллект

Көп адам дүкенге бармай-ақ, керек затын онлайн сатып алуды жөн көреді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Цифрлық сауда күннен- күнге дамып келетін заманда, көп адам дүкенге бармай-ақ, керек затын онлайн сатып алуды жөн көреді. Алайда интернетте тапсырыс беру кезінде алаяқтарға алдану қаупі жоғары. Сондықтан онлайн сауда жасамас бұрын мына бірнеше жайтқа назар аударған жөн.

Бірінші кезекте сайттың атауына назар аударыңыз. Мысалы, сатып алу алдында сайттың доменін (kz, com) тексерген абзал. Әдетте сенімді компаниялардың ресми сайттары болады және олар танымал іздеу жүйелерінде бірінші болып шығады. Егер сайт атауы түсініксіз немесе белгілі брендке өте ұқсас, бірақ аздап өзгертілген болса, бұл алаяқтардың әрекеті болуы мүмкін. Сондықтан сайтты анықтап қарап алған жөн.

Екінші кезекте ұнаған өнімнің сипаттамасын толық оқып шығу керек. Өлшемі, материалы, шыққан елі, кепілдігі туралы ақпаратты анықтап алған дұрыс. Бұл ретте, басқа сатып алушылардың пікірлерін оқу қажет. Егер пікірлер тым жалпылама немесе тек жақсы жазылған болса, жасанды болуы мүмкін.

Ал үшінші кезекте өнім бағасы күмән тудырса, дәл сондай тауар басқа сенімді сайттарда қанша тұратынын салыстырып көрген абзал. Тым арзан баға  сапасыз немесе жалған тауардың белгісі болуы мүмкін. Жеңілдікке алданып қалмаған жөн. Егер телефон немесе брендтік аяқ киім бірнеше есе арзан тұрса, бұл 99 пайыз жалған немесе алаяқтардың тұзағы.

Төлем жасау қауіпсіздігіне мән беру де маңызды. Төлем жасалғанда төлейін деп жатқан сайттың қауіпсіздік белгісі  https префиксіне және жабық құлып белгісіне назар аударыңыз.

Тауарды жеткізіп берген соң ғана төлем жасауға мүмкіндік беретін әдістерді таңдаған жөн. Мысалы, курьермен жеткізу, онлайн таңдамалы платформалар.

Онлайн сауда  ыңғайлы әрі уақыт үнемдейді. Бірақ алаяқтардың құрбаны болмас үшін, әрбір қадамда сақ болу керек. Сенімді сайттарды таңдап, пікірлерді оқып және бағасына емес, сапасына мән беруге кеңес берілед