Павлодарлықтар өздерін сайлау тізімдерінен қалай тексере алады?
Қазақстанда атом электр станциясын салу жөніндегі республикалық референдумға 12 күн қалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Референдум бойынша сайлау учаскелерінде азаматтар дауыс беру күніне 15 күн қалғанда республикалық референдумға қатысуға құқығы бар адамдардың тізімдерінен өздерін тексеріп, енгізілген мәліметтердің дұрыстығымен таныса алады.