Пышақтап өлтірді: Павлодарда адам өлтіру ісі алқабилермен қаралды

Пышақтап өлтірді: Павлодарда адам өлтіру ісі алқабилермен қаралды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Үкім заңды күшіне енген жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен адам өлтіру фактісі бойынша (ҚК 99-бап, 1-бөлім) И. есімді азаматқа қатысты істі қарады.

Сот анықтағандай, 8 ақпан күні И. Ақсу қаласындағы өз пәтерінде азаматтық жұбайы С.-мен жанжал кезінде оны ас үй пышағымен жүрек тұсынан жаралап, жәбірленуші сол жерде көз жұмған.

– Прокурор И.-ге 8 жыл жаза тағайындауды сұраса, жәбірленушінің ұлы және сотталушының өзі ақтау үкімін шығаруды сұрады. Алайда алқабилер И.-ны кінәлі деп таныды. Сот оның зейнеткерлік жаста екенін (68 жас), бұрын сотты болмағанын және оң мінездемесін ескере отырып, ерекше жеңілдететін мән-жайлар негізінде ҚК-тің 55-бабы 4-бөлігін қолданды, – деді облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

Нәтижесінде И.-ға 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.