Сенбі күні Павлодар облысында ыстық болады

Сенбі күні Павлодар облысында ыстық болады
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы 9-14 метрге жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, 6 маусым күні облыста түнде ауа температурасы +17...+22°C, жауын-шашынсыз болады. Күндіз сынап бағанасы +30...+35°C дейін көтеріледі. Өңірдің батысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай күтіледі.

Желдің жылдамдығы күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 метрге дейін жетеді.

Павлодар қаласында түнде ауа температурасы +18...+20°C болады. Ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз +31...+33°C болады. Жауын-шашын күтілмейді.