Шідертіде бір ай бойы жиналмаған қоқыс шығарылды
Ауыл тұрғындары әлеуметтік желіде қоқыс үйіліп жатқан суреттер мен видео тарады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бірнеше күн бұрын Instagram желісіндегі парақшалардың бірінде Шідерті кентінің тұрғындары шамамен бір ай бойы жиналмаған қоқысқа шағымданған. Бұл оқиғаға қатысты 109 бірыңғай байланыс орталығы жауап берді.
– Бүгінгі таңда қоқыс үйілген жерде ауыл әкімдігінің және Қаныш Сәтбаев атындағы каналдың күшімен тазарту жұмыстары жүргізілді, – дейді 109 қызметінде.
Өз кезегінде қоқыс шығаратын кәсіпорынға қоқысты уақтылы шығару міндеттеледі.
Еске сала кетейік «Ертіс орманын» қоқыстан тазарту кезінде екі тонна қоқыс шығарылған болатын. Қоқыстың басым бөлігі – пластикалық, қаңылтыр және шыны бөтелкелер мен стақандар, пакеттер, майлықтар.