Шетелдіктерге заңсыз қызмет ұсынған павлодарлық жазаланды
Өзбекстан Республикасының азаматтары пәтерге жөндеу жұмысын жүргізген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
- Павлодар қаласындағы рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері Өзбекстан Республикасының үш азаматын ұстады. Олар салынып жатқан көппәтерлі үйдің бірінде жұмысқа орналасуға рұқсатсыз еңбек қызметін жүзеге асырды. Материалдар соттың қарауына жіберілді. Уәкілетті органның рұқсатынсыз шетелдік жұмыс күшін тартқаны үшін, пәтер иесі 30 АЕК мөлшерінде айыппұл арқалады, - деді Павлодар облысы ПД көші-қон қызметінің бастығы Дәулет Ысқақов.
Айта кетелік, Павлодар облысы ПД көші-қон қызметінің қызметкерлері шетелдіктерге еңбек қызметін жүзеге асырудың заңдылығына тұрақты негізде тексеру жүргізеді.