Соңғы үш жылда Екібастұздың көшелері мен аулалары адам танымастай өзгерді

Соңғы үш жылда Екібастұздың көшелері мен аулалары адам танымастай өзгерді
фото: Константин Шелков

Бұл игілікке 15 миллиард теңге бөлінді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қала әкімі Аян Бейсекиннің айтуынша, соңғы жылдары абаттандыру, әлеуметтік инфрақұрылымды жарықтандыруға басымдық берілді.

Биыл шаһарда елу тоғыз воркаут және стритбол алаңы, сонымен қатар, 50 балалар ойын орындары бой көтерді. Жыл басынан бері қалаішілік жолдардың 230 мың шаршы метрі жөнделді. Яғни, отыз көше мен қала жолдарының 25 шақырымы жаңартылды. Өткен жылмен салыстырғанда жөнделген жолдардың үлесі 70 пайызға артты, деді Аян Бейсекин.

Аумақтарға асфальт төсеу жұмыстарында да ілгерілеушілік бар. Үш жыл ішінде қаланың 70 ауласында жаңа жабынды пайда болса, биыл олардың саны 15 алаңмен толықты.

Әлеуметтік мекемелерге апаратын жолдарды асфальттау жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда тұрғындардың қолайлылығы үшін 20 жаңа жабынды пайда болды. Ауыл жолдарына жабынды төсеуге де басымдық берілді. Соңғы үш жылдық мерзімде 130 шақырымдық инфрақұрылым жаңартылды, дейді шаһар басшысы.

Айта кетейік, биыл қаладағы барлық аулалар жарықтандырылды.