Тарихы мен болашағы: Май ауданының 85 жыл ішіндегі өзгерістері сараланды

Тарихы мен болашағы: Май ауданының 85 жыл ішіндегі өзгерістері сараланды

Мерейтойға орай ауданның Құрметті және беделді азаматтары марапатталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Көктөбе аулының мәдениет үйінде «Туған өлке тарихы мен болашағы» атты тарихи-танымдық конференциясында Май ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы, тарихи мұрасы жайында баяндамалар айтылды. Облыс әкімі Асайын Байхановтың Май ауданының тұрғындарына жолдаған құттықтау сөзін бірінші орынбасары Серік Батырғожинов жеткізді. Ал аудан әкімі Қадылжан Сәтиев ауыл тұрғындарына туған елге қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.

– 85 жылда біздің аудан күрделі және бай жолдан өтті. Мұнда дәуірлердің драмасы, күнделікті өмірдің ендігі көрінісін тапты. Май ауданының тарихы әлдеқайда бай және терең,– деді аудан әкімі Қадылжан Сәтиев.– Қандай жағдай болмаса да, аудан тұрғындары елді нығайтуға, оның әл-ауқаты мен өркендеуіне бағытталған міндеттерді шешуге қатысты. Әрбір азаматтың жеке жетістігі ауданның дамуына қосқан қомақты үлесі екені сөзсіз. Алдағы уақытта бірлік пен ынтымақты сақтай отырып, туған өлкеміздің игілігі үшін еңбек етеміз деп сенемін. 

Тарихи мәліметтерге сәйкес, ауданның статусы КСР Жоғары Кеңесі төралқасының 1939 жылғы 16 қазандағы жарлығымен бекітілді. Сол кезден бастап Май ауданы тұрғындарының саны әр түрлі кезеңдерде айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Ал 1941 жылдың бірінші қаңтарында ауданда мал басы 24 мыңнан асса, бүгінгі күні олардың саны 6,5 есеге артты.

Торайғыров университетінің өлкетану музейінің басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Виктор Мерц Май ауданның тарихына үңіліп, ауқымды баяндамасында көпжылдық археологиялық қазбалардың нәтижесін тоғыстырды. 

– Май ауданының картасында ондаған археологиялық ескерткіш табылған деп белгіленген, алайда шын мәнісінде олардың саны жүзден асады. Жыл сайын табылып, көбейіп келе жатыр. Тас дәуіріндегі мезолит, неолит, энеолит кезеңдерінде қолданылған заттар жердің астынан көтеріліп, қалпына келтірілуде,– деді Виктор Мерц. 

Оның сөзінше, Ақшиман аулының аумағында зерттеулер жүргізіліп, тас және қола дәуірлеріне тиесілі бірнеше ескерткіштер табылды. 

– Шатырбұлақ тұрағында тас дәуірінің үш кезеңін қамтитын бай тарихи мұра анықталды. Ал автожол салу сатысында жерлеу кешендері табылған. Тас құралдары, сүйек қару-жарақтары энеолиттегі біздің дәуірімізге дейін 4 мыңжылдыққа тиесілі екені анықталды. 

Ал, зерттеліп жатқан ең үлкен нысанға Көктас-1 елдімекені жатады. Онда ірі тұрғын үйлердің қалдықтары мен шикі тас зерттелді. Мұнда мыс балқытылған металлургиялық пештердің өндірістік учаскелері айшықталды. Бұл – жалпы Қазақстан үшін ауқымды археологиялық қазбалардың бірі. 

– Экспедициялар барысында құлатылған таңбалар, құлыптастар да табылған еді. Ескерткіштерді ерте темір дәуіріндегі сақ тайпалары да, ортағасырлық көшпенділер де ұзақ уақыт бойы қолданған,–деді тарихшы. 

Сондай-ақ, Қалмаққырылған жерінде жоңғарлар басып кіргенін дәлелдеу мақсатында біршама экспедициялар ұйымдастырылды. Олардың нәтижесінде әскерилердің қару-жарағы, сауыт-сайманы табылды. 

Конференция соңында тұрғындар үшін облыстық И.Байзақов атындағы филармонияның ұлт аспаптар оркестрінің орындауында екі музыкалық шығарма орындалды.

Ал режиссер, актер, терме орындаушысы Мерзихан Шайхиннің 90 жылдығына арналған облыстық «Жыр ғұмыр» атты термешілер байқауының финалистері өнер көрсетті.