Жол бер: Павлодарлық жедел жәрдем шақыруға жүйткіген сәтімен бөлісті (ВИДЕО)
103 қызметі жүргізушілерге қала көшелерінде арнайы көліктерді өткізудің маңыздылығы жайлы еске салады, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, дәрігерлер полицейлермен бірге «Жедел жәрдемге жол бер» рейдін өткізуге шешім қабылдады. Екі сағаттық рейдте автокөлік жүргізушілері көшелерде жедел жәрдемге жол бермеген бірнеше жағдай тіркелді. Оларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Мұндай бұзушылық үшін айыппұл 10 АЕК құрайды. Бүгінгі таңда бұл – шамамен 35 мың теңге.
– Бірінші шұғылдық санатына асығатын 103 жүргізушілері басқа автомобильдердің арасынан сытылып өтуге тура келеді, – дейді облыстық жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары Ирина Мищенко. – Жолдағы адамдар біреудің өмірі біздің қызметіміздің тиімділігіне байланысты екенін әрдайым түсіне бермейді. Кейде бірнеше секундтың өзі маңызды болады, бірақ жүргізушілер әлі күнге дейін арнайы көліктерге, тіпті жарқыраған маяктар мен сирена қосылған кезде де жол бермейді.
Естеріңізге сала кетейік, жақында облыс орталығында науқасты тасымалдаған кезекті жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады. Бағдаршамның қызыл сигналына өтіп бара жатқан жеңіл автокөлік жүргізушісі жедел жәрдемге соғылған болатын.
Посмотреть эту публикацию в Instagram