Әлем чемпионаты: Павлодарлық боксшы Серік Теміржанов ширек финалға шықты
Ерлер арасындағы бокстан әлем чемпионаты Ташкент қаласында өтуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Серік Теміржанов 57 келіге дейінгі салмақта мажарстандық Роланд Верешпен жұдырықтасты. Павлодарлық спортшы төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті. Бұл - оның осы біріншіліктегі екінші жекпе-жегі.
Келесі жекпе-жек 10 мамырға жоспарланған.
Еске сала кетейік, Серік Теміржанов Әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуін малилық Абдул Карим Батилимен өткізді. Бірінші раундта жерлесіміз басымдылық көрсетіп, қазылар алқасының жоғарғы ұпайларына ие болды. Екінші раундта малилық спортшы шапшаңдық көрсетті, алайда қазақстандық есе жіберген жоқ.
Кездесу соңында Серік Теміржановтың айқын басымдылықпен жеңгені көрсетілді. Спортшы қарсыласын 5:0 есебімен жеңген.
Ол Жапонияның Токио қаласында өткен 2020 жылғы жазғы Олимпиада ойындарында ерлер арасында жеңіл салмақтағы жарыстарға қатысқан. 2021 жылғы Белградта болған әлем чемпионатына қатысып, күміс жүлдегер атанған. Сонымен қатар 2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері болып табылады