Қыздар төбелесі: Павлодарда заңды өкіл жауапқа тартылды

Қыздар төбелесі: Павлодарда заңды өкіл жауапқа тартылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Әлеуметтік желіде қыз баланың екінші қызға жұдырық жұмсап, соққыға жыққаны түсірілген видео тарады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Облыстық полиция департаментінде ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. 

– Бұл жағдайға қатысқан кәмелетке толмаған заңды өкіліне кепілгерлігімен тапсырылды. Сонымен қатар, балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін оның заңды өкілі жауапқа тартылды. Жасөспірім профилактикалық есепке алынды, – деді департаментте. 

Павлодар қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға тиісті ұсыныс енгізілді. 

Ювеналды полиция қызметкерлері болашақта мұндай жағдайлардың алдын алуға бағытталған профилактикалық шараларды жалғастыруда.