Әлеуметтік желідегі видео павлодарлық жүргізушіні жауапқа тартуға себеп болды

Әлеуметтік желідегі видео павлодарлық жүргізушіні жауапқа тартуға себеп болды
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосурет

Бейнежазба тәртіп бұзушылықты әшкерелеуге көмектесті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған көлік тізгіндеген азамат анықталды.

Лимонная көшесімен келе жатқан Ravon автокөлігінің жүргізушісі маневрдің қауіпсіз екеніне көз жеткізбей, жолда апатты жағдай туғызған. Бұл сәт бейнежазбаға түсіп, полицияның назарына ілікті.

– Жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жыл басынан бері маневр жасау талаптарын сақтамаған 400-ден астам жүргізушіге әкімшілік жаза қолданылды, – деді облыстық полиция департаментінде.

Тәртіп сақшылары жүргізушілерге белгіленген жылдамдық режимін сақтап, қауіпсіз арақашықтықты ұстануды ескертеді. Сондай-ақ кенеттен басып озу, жолақ ауыстыру, ілгері озу секілді қауіпті әрекеттерге бармауға және жол-көлік оқиғасына себеп болуы мүмкін кез келген күрт маневрден бас тартуға шақырады.