Павлодарда құрғақ шөп жанды

Павлодарда құрғақ шөп жанды
Константин Шелковтың иллюстрациялық суреті

ТЖД табиғатта демалу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға кеңес береді, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 17.00-де Усолска көпірінің ар жағындағы өрт туралы хабарлама түскен. Тілсіз жауды сөндіруге 20 адам және бес техника қатысты.  Техника өтпейтін жерлерге өрт сөндірушілер ранцелік бүріккіштерді пайдаланып, өртті жаяу сөндірді. 

Жалпы ауданы 10 га қураған өрт сағат 18:46-де толығымен жойылды.