17 сәуірде Павлодар облысында жаңбыр жауады

Облыстың солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, түнде облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, күндіз 15-20. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде кей жерлерде екпіні 23-28 метрге жетеді.
Күндіз +5...+10°C. Жаңбыр жауады.
Павлодарда түнде +4...+6°C. Күндіз +7...+9°C. Бұлттылық, жауын-шашынсыз.