19 мамырда Павлодар облысында найзағай ойнайды

19 мамырда Павлодар облысында найзағай ойнайды
Фото: pexels.com/Guryan

Желдің жылдамдығы секундына 9-14, облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, дүйсенбіде облыстың оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Сынап бағанасы күндіз +15...+20 °C-ты көрсетеді.

Павлодарда бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы күндіз +18...+20 °C-қа дейін көтеріледі.