21 мамырда Павлодар облысында жаңбыр жауады

21 мамырда Павлодар облысында жаңбыр жауады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Күндіз ауа температурасы …+18°C шамасында болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәлімдеуінше, облыста түнде ауа температурасы +8…+13°C болады. Солтүстік өңірлерде жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз сынап бағанасы +13…+18°C дейін көтеріледі. Солтүстік аймақтарда жаңбыр, найзағай, қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл тұруы мүмкін.

Желдің жылдамдығы 9–14 м/с, ал облыстың батыс, солтүстік және шығыс бөліктерінде екпіні 15–20 м/с жетеді.

Павлодар қаласында түнде +8…+10°C, күндіз +15…+17°C. Ауа райы күндіз ауыспалы бұлтты, жаңбыр және найзағай күтіледі.