24 тамызда Павлодар облысында ыстық болады
Көшпелі бұлт шығады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады, күші 9-14, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +17...+19, күндіз +30...+32 градус көрсетеді.
Облыс орталығында күн бұлтты болады. Кейбір жерлерде қатты жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 9-14, найзағай кезінде екпіні 18 м/с дейін жетеді. Сынап бағанасы +13...+15 градусқа дейін көтеріледі.