27 маусымда Павлодар облысында күн күркіреп, қатты жел болады

27 маусымда Павлодар облысында күн күркіреп, қатты жел болады
Фото: Константин Шелков

Жаңбыр жауады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Синоптиктердің хабарлауынша, түнде температура +11...+16 °C, күндіз + 23...+28, облыстың солтүстігінде +20 °C көрсетеді.

Облыста жаңбыр жауады, солтүстік пен батыста қатты жаңбыр, найзағай мен бұршақ жауады.

 Желдің жылдамдығы 9-14, түнде облыстың батысы мен солтүстігінде 15-20 метрге дейін барады.

Күндіз облыстың көп бөлігінде 15-20, облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді.

Павлодарда күн бұлттанып, жаңбыр жауады, күн күркірейді.

Түнде температура +12...+14 °C, күндіз + 24...+26 °C көрсетеді. 

Желдің жылдамдығы 9-14, екпіні секундына 15-20 метр болады.