Павлодарда түскен қарды тазалау үшін коммуналдық қызметтер күшейтілген режимге көшті

Павлодарда түскен қарды тазалау үшін коммуналдық қызметтер күшейтілген режимге көшті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

ТКШ бөліміне жұмысты тәулік бойы жалғастыру тапсырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков коммуналдық қызметтердің қар күреу жұмысын тексерді. Шамадан тыс жауған қарға байланысты қалалық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

– Қар тазалау жұмыстарына шамамен 300 арнайы техника және коммуналдық кәсіпорындардың 300 қызметкері жұмылдырылған. Басымдық көлік қозғалысы қарқынды жолдарға, автобус бағыттары өтетін көшелер мен аялдамалар, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға баратын жолдар және аула кіреберістеріне берілуде, – деді Хасар Хабылбеков.

Көпқабатты үйлердің аулаішілік аумақтарында да жұмыстар жүргізілуде.