4 қазанда Павлодар облысында көктайғақ күтіледі

Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, ауа температурасы күндіз +3...+8 °C болады. Облыста қар аралас жаңбыр жауады.
Павлодарда сынап бағанасы күндіз +4...+6 °C-ты көрсетеді. Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады.