4 желтоқсанда Павлодар облысында қар аралас жаңбыр жауады

4 желтоқсанда Павлодар облысында қар аралас жаңбыр жауады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, ауа температурасы -2...+3 °C-қа дейін жылынады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады.

Павлодарда сынап бағанасы күндіз -1...+1 °C-ты көрсетеді. Бұлтты, қар аралас жаңбыр жауып, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.