5 желтоқсанда Павлодар облысында қар аралас жаңбыр жауады

5 желтоқсанда Павлодар облысында қар аралас жаңбыр жауады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде боран, көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, түнде қар, күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. 

Оңтүстік-батыс желінің екпіні секундына 9-14, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде 15-20 және 25 метрге дейін жетеді. 

Ауа температурасы түнде 7-12, облыстың солтүстігінде 15 градус аяз, күндіз 1-4 градус салқын болады. 

Павлодар қаласында күн бұлтты болады, түнде қар, күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауып, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 9-14, күндіз 15-20  метрді құрайды.

Ауа температурасы түнде 10-12 аяз, күндіз 2-4 градус жылы болады.