6 наурызда Павлодар облысында қар аралас жаңбыр жауады

6 наурызда Павлодар облысында қар аралас жаңбыр жауады
Фото: pixabay.com/Siegella

Күндіз жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, жаңбыр аралас қар жауады, боран соғып, көктайғақ болады. 

Оңтүстік желінің екпіні секундына 9-14, күндіз 15-20 метрді құрайды. Облыстың оңтүстігінде ауа температурасы түнде  -11...-16, облыстың батысында  -8, күндіз  -2...-3 градус болады. 

Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты ауа райы күтіледі, боран соғып, көктайғақ болады. Жаңбыр мен қар жауады. 

Түнде  -12...-14, күндіз 0...-2 градус аяз болады.