6 шілдеде Павлодар облысында тұман, жаңбыр күтіледі
Сенбі күні желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, күндіз солтүстік-шығыс желінің екпіні облыстың солтүстігі мен шығысында секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Облыс бойынша температура түнде +12...+ 12°C, күндіз + 21...+26°C құрайды.
Облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ жауады. Түнде облыстың оңтүстік-шығысында тұман болады.
Павлодарда сынап бағанасы түнде + 14...+ 16°C, күндіз +23..25°C көрсетеді. Күн күркіреп, жаңбыр жауады.