Ақсуда ер адам үйінді астында қалып қойған

Ақсуда ер адам үйінді астында қалып қойған
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оған жер қазу жұмыстары кезінде топырақ құлаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысы ТЖД мәліметінше «112» операторының пультіне Павлодар облысының Ақсу қаласында жер жұмыстарын жүргізу кезінде ер адамның үстіне құм құлап кеткені туралы хабарлама түскен. 

Оқиға орнына құтқарушылар дереу шыққан. Анықталғандай, Промышленная көшесінде орналасқан ЖШС-нің бірінің аумағында жер қазу жұмыстары кезінде топырақ құлаған, нәтижесінде 1998 жылы туған ер адам үйінді астында қалып қойған.

–  Құтқарушылар су құбыры құдығындағы пайда болған кішкене ойық арқылы зардап шегушіге арнайы жабдықтың көмегімен оттегін жедел берді. Сонымен қатар, оны жер астынан босату бойынша құтқару жұмыстары жүргізілді, – деді департаментте.

Сәтті аяқталған құтқару операциясынан кейін ер адам жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылған.