Ақтоғай ауданында 98 жастағы еңбек ардагері алғашқылардың бірі болып дауыс берді

Ақтоғай ауданында 98 жастағы еңбек ардагері алғашқылардың бірі болып дауыс берді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ақтоғай ауданындағы №136 сайлау учаскесіне дауыс беруге алғашқылардың бірі болып еңбек ардагері, тыл еңбеккері Әли Альмяшев келді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Әли ақсақал азаматтық таңдауын жасап, Қазақстанның жаңару жолындағы қадамына сәттілік тіледі. Ол қоғамдық жұмыстарға үнемі белсенді қатысып, кейінгі буынға ақыл-кеңесін айтып, ел өміріне араласуды жалғастырып келеді.

Айта кетейік, Әли Садықұлы - еңбек ардагері, 1929 жылы туған. Қария сайлау науқандарына тұрақты түрде қатысып, өз учаскесіне алғашқылардың бірі болып келуді дәстүрге айналдырған.

Алғашқы дауыс берушіге естелік сыйлық табысталып, оған зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілектер айтылды.