Анасына дәрі алуға барған павлодарлыққа айыппұл салынды
Ол жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында, 31 қазанда сағат 17:45 шамасында облыс орталығында жүргізуші куәлігінен айырылған ер адам Қамзин көшесімен келе жатқаны анықталды. Осы жылдың ақпан айында ер адам қамауға алынып, жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған болатын. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті хабарлады.
Азамат өз кінәсін толық мойындап, анасына дәрі алу үшін көлік тізгіндегегін түсіндірді.
Әкімшілік іс ӘҚБтК 612-бабының 3-бөлігі бойынша қаралды.
– Сот ер адамды кінәлі деп танып, 129 220 теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындады, – деп түсіндірді соттың баспасөз қызметі.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.