Асайын Байханов облыс даңқын шығарған оқушылар мен мұғалімдерге құрметін білдірді

Асайын Байханов облыс даңқын шығарған оқушылар мен мұғалімдерге құрметін білдірді
Фото: Валерий Бугаев

Облыс әкімі халықаралық олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлерімен кездесті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесуде аймақ басшысы Қытайда, Швейцарияда, Жапонияда, Ұлыбританияда, Францияда, АҚШ-та, Нидерландыда, Араб Әмірліктерінде өткен әлемдік зияткерлік олимпиадалардың жеңімпаздары өздерінің үздік жетістіктерімен тек аймағымыздың даңқын шығарып қана қоймай, өз есімдерін облыстың білім беру тарихында жазып қалдырғанын атап өтті.

– Ең бастысы – үлгілі тәрбие. Сіздер басқа мектеп оқушылары үшін бой түзейтін үлгіге айналдыңыздар. Қазір білім беру саласындағы бәсекелестік өте жоғары және бірінші болу қиын. Біз сіздердің білім алу жолындағы ерік-жігерлеріңізді және табандылық танытудағы баға жетпес еңбектеріңізді түсінеміз. Ол үшін мінез керек. Таңдаған бағыттарыңыз дұрыс және құрметке әбден лайық, – деді облыс әкімі.

Жыл сайын облыстық 8 лицей «Қазақстан Республикасының үздік олимпиадалық командасы» атағын дәлелдеп келеді. Бүгін облыс әкімімен кездесуге дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің үздік оқушысы Ринат Илюсизов шақырылды. Ол химия бойынша халықаралық Менделеев олимпиадасының және Шаньчжэньде әлемнің 29 елінен келген оқушылар арасындағы олимпиаданың алтын медаль иегері, Сауд Арабиясында өткен 56 халықаралық химия олимпиадасының (IChO) жеңімпазы.

Дарынды оқушыны дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің химия пәнінің мұғалімі Оксана Владимировна Колдашева дайындады.

Сондай-ақ, кездесуге дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің түлегі, «Жібек жолы» XXIII халықаралық математикалық олимпиаданың алтын медаль иегері, Азия-Тынық мұхиты, Жәутіков, Балқан әлемдік олимпиадаларының, Жапониядағы халықаралық олимпиаданың жүлдегері Владимир Роговский қатысты. Дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 30 жылдық еңбек өтілі бар математика пәнінің мұғалімі Лилия Викторовна Стадникова дайындады.

 Асайын Байханов бірнеше жыл бойы халықаралық деңгейдегі бірнеше дүркін жеңімпаздарды дайындаған ұстаздарға жылы лебізін білдірді.