Асайын Байханов павлодарлықтарға бейбітшілік тіледі
Павлодар облысының әкімі тұрғындарды Республика күнімен құттықтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Аймақ басшысы құттықтау сөздерін өзінің Instagram парақшасында жариялады.
– Құрметті жерлестер! Сіздерді Қазақстан Республикасының күнімен шын жүректен құттықтаймын! 34 жыл бұрын Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданды. Бұл құжат егемендігімізді паш еткен, Тәуелсіз әрі дербес мемлекеттігіміздің қастерлі құжаты әрі елдігіміздің арқа сүйер алтын арқауы,– деп жазды облыс әкімі.
Ол 2022 жылы Ұлттық құрылтай отырысында ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтарғанын атап өтті.
–Республика күні - еліміздің жалғыз ұлттық мерекелердің бірі болып табылады. Ендеше, бейбітшілік пен тұрақтылық жолында бәрімізді біріктіретін халқымыздың рухани мерекесі құтты болсын! Бүгінде 9 айдың қорытындысы бойынша облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы оң серпінге ие. Сондай-ақ, экономиканың барлық негізгі салалары бойынша да көрсеткіштер - жоғары. Мұндай нәтижеге өңір үшін еңбек етіп жүрген Сіздердің арқаларыңызда қол жеткіздік,– деді Асайын Байханов. – Қазыналы өңіріміз өркендеп, дами берсін!Отанымызда әрқашан бейбітшілік пен келісімнің туы тұғырлы болсын!
Облыс әкімі павлодарлықтарға мерейлі мерекеде мықты денсаулық, амандық, табыс тіледі.