Асайын Байханов Успен ауданындағы ауылдардың ахуалымен танысты (ВИДЕО)
Мәселен, келесі жылы Қоңырөзектегі мектеп жөндеуден өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы аймақ басшысы өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді.
- Успен ауданына жұмыс сапарымен барып қайттым. Биыл Қозыкеткен ауылындағы мәдениет үйі мен мектепке «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы бойынша күрделі жөндеу жүргізілді. Толығымен шатыры, қасбеті, жылу, электр және сумен жабдықтау жүйелері жаңартылды, терезе мен есіктері ауыстырылды, аумақтары абаттандырылды.
Аудан ауылдарындағы инфрақұрылымды жаңарту жалғасады. Келесі жылы Қоңырөзектегі мектеп пен 6 көшені жөндеу жоспарлануда, - деді Асайын Байханов.
Сапары барысында облыс әкімі Богатырь ауылындағы жалпы ұзындығы 7,3 км жаңа су құбырының жұмысын тексерді.
- Менің тапсырмам бойынша 2024 жылы 2,2 км ауыл ішіндегі жолдар, соның ішінде кіреберіс жол жөнделеді. Бұған облыстық бюджеттен 72 млн теңге бөлінді, - деп нақтылада ол. Өңір тұрғындарын таза ауызсумен қамтамасыз ету - басым міндеттердің бірі. Бүгінгі таңда Қызылағаш және Богатырь ауылдарында су құбырлары пайдалануға берілді, келесі жылы Қаратай және Вознесенка ауылдарында құрылысы аяқталады.
Аймақ басшысының айтуынша, бүгінде Дмитриевка, Надаровка, Чистополь, Ольховка, Травянка ауылдарында кешенді блок-модульдерді орнату мәселесі пысықталуда. Осы жобалар іске асқаннан кейін сумен жабдықтау көрсеткіші Успен ауданында 97% жетеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram