Ақсуда балабақша тәрбиешісі дөрекілік үшін жұмыстан шығарылды

Ақсуда балабақша тәрбиешісі дөрекілік үшін жұмыстан шығарылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол балаға қол көтерген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

№16 балабақшаның ауласында серуендеп жүрген балаларға қатыгездік танытып жатқан тәрбиешінің іс-әрекеті видеоға түсіп, әлеуметтік желіде таралды. Оқиға көктемде орын алса да, видео жуырда жария етілді. Ақсу қаласының білім беру бөлімінде жағдайға қатысты түсінік берді.

– Бұл жағдай педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесте қаралды. Тәрбиешіден түсініктеме алынды, балабақша басшысының бұйрығымен тәрбиеші теріс себептермен жұмыстан шығарылды. Ол баланы ұрып, өзінің лауазымдық міндеттерін бұзды, – деді бөлімде.

Бүгінгі таңда тәрбиешінің балалармен байланысы жоқ. Білім бөлімі мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің балалардың қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету бойынша бақылауды әлсіреткені үшін балабақша басшысына қатысты сөгіс түрінде тәртіптік жаза шараларын қабылдады. Бұйрық 9 маусымда шығарылды.