Ақсуда мәнерлеп сырғанауды дамыту үшін жағдай жасалады
Әзірге спортшылар жаттығуларды тек Павлодарда өткізеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Молния» хоккей командасы – жасанды мұз айдынында емес, табиғи, қыста құйылатын мұз айдынында жаттығуға мәжбүр болатын өңірдегі жалғыз команда. Ақсуда шайбамен ойнатылатын ойын үйрмесіне 120 бала қатысады. Балалардың едәуір бөлігі жаттығу жасау үшін павлодарлық аренаға барып, сабақтарды жіберіп, оқудан артта қалып қояды. Алайда, желтоқсанда бұл сұрақтың нүктесі қойылуы мүмкін.
Металлургтер қаласында болашақ мұз айдыны орналасатын жерді 2021 жылы белгілеген болатын. Содан кейін мердігер құрылыс материалдары қымбаттауы себебінен жобаны кейінге қалдырды. 2023 жылы құрылыс қайтадан жаңғырып, аренаның іргетасы қаланып, негізгі қаңқа мен қабырға салынды. Облыс әкіміне 2024 жылдың желтоқсанына дейін нысанның құрылысы толығымен аяқталады деп баяндалды.
– Әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. Жыл соңына аяқталған нысанды көргіміз келеді. Желтоқсан айында біз іске қосу және жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз: тоңазытқыш қондырғысын, мұздатқышты тексереміз. Мердігер итальяндық,мұз құю машинасына тапсырыс берді. Оны жеткізуге бес апта кетеді. Ал тоңазытқыш қондырғысы, борттар жеткізілді, – деді БЖСМ директоры Андрей Горохов.
Ақсудағы корт павлодарлық Спорт-сити кешеніндегі мұз аренадағыдай болады. Бірінші қабатта киім ауыстыратын бөлме, душ кабиналары, вестибюль, қабылдау бөлмесі және жабдықтарды жалға алу жері орналасады. Екінші қабатта 100 орындық көрермендер трибунасы, душ және киім ауыстыратын бөлмелері бар жаттығу залы болады. Алғашында құрастырылған жобаға өзгерістер енгізілді: мүгедектігі бар жандар үшін көтергіш пен киім шешетін бөлмелерді кеңейту мақсатында қосымша бағаналар алынып тасталды.
– Арена ішінде жүктеме толық болады. Бізде 9-15 жастағы балалардың жаттығуларынан бөлек, «Сәлем, хоккей» бағдарламасы бар. Балабақшаға және бірінші сыныпқа баратын балалар демалыс күндері тегін сырғанай алады. Барлық жабдықтар Қазақстан хоккей федерациясы ұсынады,– деді Андрей Горохов. – Мұз айдынын ашқаннан кейін хоккейшілердің саны 200-ге дейін өседі. Сонымен қатар, мәнерлеп сырғанауды дамытуды қарастырып отырмыз. Біздің қала үшін бұл жаңа олимпиадалық спорт түрі болмақ. Болашақта шорт-трек түрін де дамыту керек.
Салынып жатқан мұз айдыны ашылғаннан кейін 30 жаңа жұмыс орны құрылады. Облыс әкімі кадрларды ерте, алдын ала іздеу керектігін айтты. Сондай-ақ, ол сыртқы абаттандыруды назардан тыс қалдырмауды сұрады.
– Тұрғындар жайлы жағдайда өмір сүру қажет. Балалар үшін жаппай спортпен шұғылдануға қолжетімділікті қамтамасыз ету керек. Сондықтан біз жобаға, оның ішінде абаттандыруға бір жарым миллиард теңге бөлдік,– деді Асайын Байханов.
Қыс мезгіліне дейін мердігерлік ұйым инфрақұрылым желілерін тартып, асфальт төсеп, жарықтандыру орнатуды үлегруі тис. Сонымен қатар, мұз айдынының айналасында гүлзарлар мен демалыс аймағы қарастырылады.