Баянауыл жастары заманауи тәсілмен қазақы нақыштағы бұйымдарды жасауды үйренді

Баянауыл жастары заманауи тәсілмен қазақы нақыштағы бұйымдарды жасауды үйренді
Фото pixabay.com \ Nawalescape

Ол үшін табиғи және қайта өңделген материалдар қолданылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Аудандық жастар орталығында «Бақытты отбасы» ҚБ директоры және «AN-NUR» өнер-білім орталығының негізін салушы Анар Жұрағатқызы және «Fiqht Niqht» бағдарламашы-оператор, «Аға» фильмінің жас актері Артем Гайдомактың қатысуымен шеберлік сағаты өтті.

—  Қатысушылар смартфон арқылы суретке түсіру өнері, телефон камерасын дұрыс қолдану және көркем кадр түсірудің әдіс-тәсілдерін үйренді, — дейді ұйымдастырушылар.

Шараның екінші бөлігінде жастар қолөнердің қыр-сырымен танысып, табиғи және қайта өңделген материалдардан бұйымдар жасады. Экологиялық таза тәсілдер, заманауи стиль мен дәстүрлі элементтердің үйлесімі қатысушылардың қызығушылығын оятты.

Шеберлік сағатын өткізген маман қазақы нақыштағы әшекей-бұйымдарды заманауи тәсілмен жасау жолдарын көрсетті.