Болашақ павлодарлық аспаздар мен кондитерлерге кафеге экскурсия ұйымдастырды

Іс-шара Жұмысшы мамандықтар жылына орайластырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық кәсіпкерлер палатасының Успен аудандық филиалы агротехникалық колледжбен бірлесіп, бірінші курс студенттеріне ЖК «Дана» кафесіне экскурсия ұйымдастырды. Колледждің бірінші курс студенттері кафе жұмысымен және қоғамдық тамақтандыру саласының негіздерімен танысты.
– Экскурсияның негізгі мақсаты – оқушыларға қоғамдық тамақтандыру жүйесінің әлеуметтік салаға, оның ішінде халық денсаулығына, демографияға, мәдениетке әсері туралы жалпы түсінік беру, – дейді кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры Қайырбек Құлымбенов.
Студенттерге күнделікті жұмыс процесі көрсетіліп, қызметкерлерге қойылатын талаптар туралы айтылды, осы салада жұмысқа орналасу перспективалары талқыланды.
– Өзінің жыл сайынғы Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Оқушылармен кәсіптік бағдар беру жұмыстары мұндай мамандықтардың қаншалықты маңызды екенін көрсетуге, еңбекке құрметті сіңіруге және тіпті жастардың жұмысшы кәсіптерді ықыласпен меңгеруі арқылы бизнеске кадр мәселесін шешуді жеңілдетуге мүмкіндік береді, – дейді Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ержанат Әбенов.
Ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралар студенттердің танымын кеңейтіп қана қоймай, білім беру жүйесі мен еңбек нарығы арасындағы байланысты нығайтатынына сенімді.